Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының микст-аумақтарында ойыншылармен селфи жасауға тыйым салатын плакаттар пайда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
A Bola мәліметінше, ФИФА ұйымының бұл тыйымы трансляцияға құқық сатып алғандарға ғана суретке және видеоға түсіруге рұқсат беретін ережемен байланысты.
Топтық кезеңдегі Ганамен ойыннан кейін Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду микст-аймақтан өтіп бара жатып, «журналистер сурет қана түсіргісі келеді, сұрақтары жоқ» деп әзілдеген еді.
Мундиаль ұйымдастырушылары осы сөзді де ескерсе керек.