55 жастағы жапониялық футболшы Кадзуеси Миура Португалияның екінші дивизионындағы «Оливейренсе» клубымен қысқа мерзімді келесімшартқа отырды, деп хабарлайды Nikkan Sport.
Мируа клубтың инфрақұрылымын көруге Португалияға барып та үлгеріпті. Ал келісім келесі жылдың қаңтарына дейін жасалған. Содан кейін Кадзуеси қайтадан Жапонияға оралып, «Йокогама» командасына қосылады.
Миура әлемдегі жасы ең үлкен футболшы екені айтпаса да белгілі болар.
Ол 1990-2000 жылдары Жапония құрамасында ойнаған. Сонымен қоса, футзал құрамасы үшін де өнер көрсеткен екен.
Ал клубтық карьерасында Бразилияда және «Дженоа», «Кроация», «Сиднейде» ойнапты, бұл жапониялық командаларды есепке алмағанда.