ӘЧ плей-оффына шыққан Португалия рекорд орнатты

Футболдан Португалия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында Уругвайды ұтып, жеке рекорд сериясын жаңартты, деп жазады Opta Sports.

Португалия осымен әлем чемпионатындағы сегіз матч қатарынан гол салып отыр екен. 

Еске салайық, 2-тур ойынында Португалия Уругвайды 2.0 есебімен ұтқан болатын. Дубль авторы жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш.

Екі матчте алты балл жинаған Португалия плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шықты.