Шотландиялық «Рейнджерс» Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алты матчтің бәрінде ұтылып, салған және өткізіп алған голдар айырмашығы бойынша ең нашар көрсеткішпен антирекорд орнатты «-20» (2:22). Бұл туралы «Чемпионат» хабарлап отыр.
Бұдан бұрынғы антирекордты 2011/12 жылы загребтік «Динамо» жасаған. Хорватиялық клуб ол кезде 22 гол өткізіп алып, алайда, бір доп артық салған екен – үш гол. Осылайша, «-19» айырмасын көрсеткен болатын.