«Реал» жартылай қорғаушысы Эден Азар қысқы трансферлік маусымда Англия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп жазады «Чемпионат».
«Ньюкасл» клубы Бельгия құрамасының ойыншысы үшін 20 миллион еуро төлеуге дайын. Осыған дейін Тұманды Альбионда «Челсиде» доп тепкен Азардың өзі Англияға қайта келуіне қарсы емес.
2019 жылы «Реал» Азар үшін 115 миллион еуро төлеген еді. Алайда осы уақыт аралығында Эден Азар 16 рет жарақат алып, тек 72 матчта 7 гол мен 11 нәтижелі пас берді. Бельгиялықтың «бланкоспен» келісімшарты 2024 жылы аяқталады.