Тарихта бірінші рет. «Брюгге» плей-офф раундына жолдама алды

«Брюгге» Чемпиондар лигасының плей-офф раундына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бельгиялық ұжым бұл жетістікке өз тарихында алғаш рет жетіп отыр. 4-турда сырт алаңда Мадридтің «Атлетикосымен» 0:0 есебімен тең тарқасқан соң, 10 ұпай еншіледі. Аталмыш топта «Брюгге» топтан шығу үшін қажетті ұпайын жинады.

Осыған дейін бельгиялық командалар арасында соңғы рет 2015/16 жылғы маусымда «Гент» плей-офф кезеңіне шығып еді.