«Астана» командасы «Қайраттың» көшбасшы футболшысын сатып алмақшы

«Қайрат» футболшысы Жоао Паулоның болашағына байланысты ақпарат шықты. Шабуылшы «Астана» командасына өтуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

«Қайраттың» көшбасшысы Жоао Паулоның 23-турда «Астана» командасына қарсы кездесуге қатыспайды деген ақпарат бар. Шабуылшыда жарақат жоқ. Шеттетілмеген де. Тек «Қайраттың» үздік шабуылшысы келесі маусымда «Астана» сапына ауысуы мүмкін. Сол үшін …», – деп жазады СпортРадар.kz. 

Еске салайық, 34 жастағы Жоао Пауло «Қайрат» сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін шабуылшы «Ордабасы» және Болгария, Оңтүстік Корея, Бразилияда ойнаған. 

Биыл ол алматылық команда сапында 22 кездесуге қатысып, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.