«Шахтер» сербиялық легионер Вук Митошевич қарағандылық клубтан кеткенін хабарлады.
30 жастағы жартылай қорғаушының келісім-шарт мерзімі аяқталады. Өткен маусымда Митошевич «Шахтер» жейдесінде 18 матч өткізді.
Вук Митошевич қарағандылық клубқа ауыспас бұрын «Радник» клубында доп тепкен. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Қайсар», сербиялық «Войводина», «Явор», «Ягодина» және венгриялық «Кишварда» командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымның басында футболшы «Қайсар» клубында қаралымнан өткен болатын, бірақ қос тарап келісім-шарт жасаспады.