«АҚТӨБЕ» ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

«Ақжайық» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады.

2021 жылғы маусым Тапалов үшін өте сәтті өтті: Еркін оралдық клуб үшін барлық турнирлерде 31 матч өткізіп, 2 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді және Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүрді.

Тапалов қыркүйек айында берген сұхбатында белоруссиялық клубтың өзіне қызығушылық танытқанын айтқан болатын. Бірақ ұсыныс қаржылық жағынан нашар болғандықтан, 28 жастағы футболшы оны қабыл алмады.