«Шахтер» Түркияда болгариялық командамен матч өткізеді

Қарағандының «Шахтер» футбол клубының Түркиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында қарсыластарының бірі белгілі болды

31 қаңтарда Магомед Адиев шәкірттері Софияның ЦСКА командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы болгариялық клубтың ресми сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта ЦСКА Болгария чемпионатының турнирлік кестесінде «Лудогорецтен» екі ұпайға қалып, екінші орында тұр. Болгарияның 31 дүркін чемпионының баc бапкері қазақстандық жанкүйерлерге «Атырау» және «Қайсар» командаларымен жұмысынан таныс Стойчо Младенов.

«Шахтер» Қазақстан чемпионатын жетінші орында аяқтап, ел кубогының финалына шықты.