Қарағандылық «Шахтер» қақпашы Егор Цуприковпен келісімшарт жасады
24 жастағы Цуприков қарағандылық футбол мектебінің түлегі. Голкипер кейінгі рет ойнаған клуб 2021 жылы чемпион болған «Тобыл».
Футболшы карьерасын 2013 жылы «Шахтер-Болат» командасында бастаған. Ал негізгі командада 2018 жылы ойнай бастады. Сонымен қоса, 17 мен 19 жасқа дейінгі жастар құрамаларында өнер көрсеткен.