«Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема әлі де Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысуы мүмкін, деп жазады Onda Madrid.
Кәрім Бензема осыған дейін жарақат алып, Франция құрамасынан кеткен еді. Содан соң оның әлем чемпионатына қатыспайтыны айтылды.
Ал жоғарыдағы дереккөздің ақпараты бойынша, Бензема жарақатынан тез айығып жатыр екен. Ол осы аптаның ортасында жаттығуға кірісе алады. Кәрім құраманың тізімінен сызылмаған. Сондықтан ол Қатарға қайта барып, Франция құрамасына қосыла алады. Бірақ, Бенземаға қатысты соңғы шешімді бас бапкер Дидье Дешам қабылдайды.
Айта кетейік, егер бұл чемпионатта Франция жеңіске жететін болса, Бензема да чемпион ретінде медаль алады.