Польша құрамасы Қатардағы футбол тойының екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әр-Райан қаласының «Эдьюкейшн Сити» стадионында Польша мен Сауд Арабиясы кездесіп, еуропалық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Чеслав Михневич ойыншыларының сапында 39-минутта Петр Зелиньски есеп ашса, Роберт Левандовски 82-минутта есепті еселеді. Осылайша, «Барселона» шабуылшысы спорттық карьерасында алғаш рет әлем біріншілігінде гол соқты.
Екінші турдан кейін поляктар 3 ұпай еншілеп, С тобында 4 ұпаймен көш басына шықты. Сауд Арабиясы құрамасы 3 ұпаймен екінші орында қалды. Ал Мексика мен Аргентина екінші тур кездесуін бүгін түнгі сағат 01:00-де өткізеді.