Англия құрамасы Иранмен матчте ӘЧ рекордын орнатты

Англия құрамасы голға жеткізген дәл берілген пастар бойынша әлем чемпионаттарының рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай жетістік Иран қақпасына салынған алтыншы гол алдында болды. Джек Грилиш салған доптың алдында 35 дәл пас жасалған екен. Бұл әлем чемпионаттарының рекорды. Ал мұндай статистика 1966 жылдан бері жүргізіліп келетінін айта кетейік. 

6:2 есебімен біткен бұл матчте Грилиштен бөлек Джуд Беллингем, Маркус Рашфорд, Рахим Стерлинг гол салды, ал Букайо Сака дубль жасады. Ирандықтар сапынан екі голды да Мехди Тареми салды.