Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі. Реал Мадрид Ливерпульмен, ПСЖ Бавариямен, Ман Сити Лейпцигпен ойнайды

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жұптары анықталды.

РБ Лейпциг – Манчестер Сити

Брюгге клубы – Бенфика

Ливерпуль – Реал Мадрид

Милан – Тоттенхэм

Айнтрахт – Наполи

Боруссия Дортмунд – Челси

Интер – Порту

ПСЖ – Бавария

1/8 финалдық кезеңде бір елдің командалары кездесе алмады. Топтық кезеңде бір-бірімен ойнаған клубтар да бөлініп шықты.

Командалар әр кездесуді өз алаңында және сырт алаңда өткізеді. Топтарда бірінші орын алып, екінші орын алған командалар жауапты ойындарды өз алаңында өткізеді.

Алғашқы ойындар 14/15 және 21/22 ақпанда, ал жауапты ойындар 7/8 және 14/15 наурызда өтеді.