УЕФА президенті ресейлік командалардың уақытша тоқтатылуына қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін УЕФА Ресей құрамасын Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребе тартуына жібермейтіні белгілі болған еді.
«Ресей клубтары мен ұлттық құрамаларын келесі ескертуге дейін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бұл жағдайдың дамуын қадағалап отырғанымызды білдіреді. Біз басқа шешім қабылдағанша, ол күшінде қалады.
Сондықтан әр турнир алдында шешім қабылдаудың қажеті жоқ», – деп келтіреді L’Équipe Александр Чефериннің сөзін.