Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының финалын Америка Құрама Штаттарында өткізгісі келеді, деп хабарлайды AS.
Дереккөздің айтуынша, АҚШ-тың телевизиялық және коммерциялық нарығының ықпалы көп. Сондықтан ірі футбол жарыстарын ұйымдастырушылар турнирді Америкада өткізуге ұмтылады. Жыл сайын штаттарда беделді матчтар мен турнирлер көбірек өткізіледі.
Жақында УЕФА АҚШ-тағы Чемпиондар лигасын көрсету құқығын CBS, Viacom және Paramount компанияларына 6 жылға 1,5 миллиард еуроға сатты. Заң 2024 жылы күшіне енеді.
Чемпиондар лигасының финалы әрқашан Еуропада өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – шешуші кездесуде «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңген «Реал Мадрид».