ӘЧ-2026 іріктеу ойындарында Бразилия мен Аргентина жеңіліс тапты

17 қарашаға қараған түні Оңтүстік Американың ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 5-тур аясында Бразилия мен Аргентина күтпеген жерден жеңіліс тапты.

Бұндай жағдай 2015 жылдың 8 қазанында ӘЧ-2018-ге іріктеу кезеңінде орын алған. Ол кезде Бразилия Чилиге есе жіберсе (0:2), Аргентина Эквадордан кем түсті (0:2).