УЕФА Еуро-2024 турнирінің жаңа добын таныстырды

Жаңа допқа FUSSBALLLIEBE деген ат қойылды. Бұл неміс тілінен аударғанда «Футболға деген махаббат» дегенді білдіреді. Дизайн авторлары футболдың қуанышты эмоциясымен және турнирдің энергиясымен шабыттанғанын жеткізді. Допта қанатты пішіндер және жарыс өтетін әрбір қаланың, стадионның аттары бейнеленген. Доп таза экологиялық жолмен жасалған.