Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында ресми матчте ойнады

Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында Сауд Арабиясы чемпионатының 14-турында «Әл-Иттифак» командасына қарсы матчке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Әл-Наср» алаңында өткен ойын кеше Астана уақытымен 23:30-де басталған. Роналду жаңа командасы үшін алғаш рет ресми матчке қатысты. Португалиялық футболшы алаңға команда капитаны ретінде шықты. 

Ал мұның алдындағы ПСЖ-мен матч жолдастық кездесу болатын. Ол ойында Роналду «Әл-Наср» және «Әл-Хиләл» клубтарының жұлдызды ойыншыларынан құралған команданың капитаны болған еді.