Роналду ережесі. «МЮ» жаңа тәртіп енгізді

«Манчестер Юнайтед» клубтағы ойыншылардың жалақысына шектеу енгізді. Бұл қадам «Роналду ережесі» деп аталды және ойыншылардың аптасына 200 000 фунт стерлингке дейін табысын шектейді.

Бұл ереже бірінші болып клубтың қақпашысы Давид де Хеаға әсер етеді. Өйткені оның жалақысы қазір аптасына 425 мыңды құрайды.

Жаңа ереженің идеясы – португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду сияқты жеке жұлдыздарға өте үлкен жалақы төлеудің орнына, көбірек ойыншыларға бірдей деңгейде жалақы төлеу.

Айтпақшы, 37 жастағы футболшы келісімшарт бойынша аптасына 550 мыңнан астам табыс алып отырды.

Еске салайық, Роналду «Манчестер Юнайтедтен» 2022 жылдың қарашасында кеткен болатын. Бұл оның клубтағы жағдайды сынаған жанжалды сұхбатынан кейін болды.

Кейін португалдық шабуылшы «Әл-Насрмен» 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды.