«Ақтөбе» клубы Қазақстан чемпионатының 20-турында «Таразды» ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
«Қобыланды Батыр» атындағы орталық стадионда алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Батысқазақстандықтар сапында 73-минутта екінші таймда шыққан Сердер Сердеров ерекшеленді.
Осы жеңісінен кейін Андрей Карпович ойыншылары 42 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. «Астана» 37 ұпаймен екінші және «Тобыл» 35 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Еске салайық, «Ақтөбе» ішкі біріншілікте қатарынан 10 матчта ұтылмай келеді.