ФИФА бірнеше елді қатарынан шығарды. Арасында Ресей жоқ

31 наурыз күні Катарда Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) 72-ші конгрессі өтті. Онда ФИФА бірнеше маңызды шешімдер қабылдады.

Конгресс барысында ФИФА Пәкістан, Кения және Зимбабве секілді елдердің қауымдастыққа мүшелігін уақытша тоқтатты. Бірақ Ресей ФИФА қатарында қала беретін болды. 

Айта кетейік, осыған дейін бірнеше БАҚ өкілдері осы конгресс барысында ФИФА Ресейді өз қатарынан шығарады деген ақпарат таратып еді. Алайда, жиын барысында бұл мәселе талқыланған да жоқ. 

Дегенмен Ресей алдағы уақытта ФИФА және УЕФА арасындағы ешқандай турнирлерге қатыспайды. Мұндай шешім наурыз айының басында қабылданған.