FIFA биылғы әлем біріншілігінің ресми добын таныстырды

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының ресми добын таныстырды.

Доп Al Rihla деп аталған. Ол араб тілінен аударғанда «саяхат» дегенді білдіреді.

«32 команда. Олардың арманын жүзеге асыратын бір доп», – делінген FIFA мәлімдемесінде.

Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Қазіргі уақытта 2022 жылғы әлем чемпионатына мына командалар жолдама алған: Аргентина, Бельгия, Бразилия, Камерун, Канада, Хорватия, Дания, Эквадор, Англия, Франция, Германия, Гана, Иран, Жапония, Корея Республикасы, Марокко, Нидерланды, Катар, Польша, Португалия, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сербия, Испания, Швейцария, Тунис, Сенегал.