«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Польша құрамасына шақырту алды, деп жазады Польша футбол одағының ресми сайты.
29 жастағы футболшы соңғы мәрте Ұлттық құрамасы сапында 2020 жылдың күзінде ойнады. Содан кейін ол ауыр жарақат алып, бір жылдан аса уақыт емделді. Енді ол құраманың оқу-жаттығу жиындарына қатысады.