Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев жуырда Үндістан мен Бахрейн командаларына қарсы алаңға шығатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Олардың арасында ҚПЛ-де доп тебетін футболшылар да бар. Мәселен «Мақтааралдан» Руслан Юденко және «Астана» сапынан Макс Эбонг шақырту алды.