«Астана» сапын тағы бір армениялық футболшы толықтыруы мүмкін

Ресейлік «Сочи» командасының армениялық жартылай қорғаушысы Эрик Варданян «Астана» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Metaratings.ru хабарлады. 

Ресейлік клуб пен Варданян арасындағы келіссөз аяқталып қалған. Енді бірер күнде ол «Астан» сапына қосылуы керек. 

Варданян осы уақытқа дейін «Пюникте» жалда ойнады. Бірақ ресейлік командаға қайта келгеннен кейін, ол негізгі құрамнан орын ала алмады. 

Негізі армениялық футболшы «Сочиге» сол «Пюниктен» 2020 жылы 350 мың еуроға ауысып келген. Краснодар өңірі командасы сапында жартылай қорғаушы тек бір ғана кездесу өткізған. 

Transfermarkt порталы 23 жастағы футболшыны 300 мың еуроға бағалап отыр. 

Еске салайық, бұған дейін «Астана» сапына Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесян ауысып келді. Ол бұған дейін «Қайрат» сапында ойнап, биыл алматылық клубпен келісімшарты аяқталды.