«Астананың» экс-шабуылшысы «Арсенал» сапына ауысты

Туланың «Арсеналы» сербиялық Джордже Деспотовичпен үш жылдық келісімшарт жасады

Қаңтар айының соңғы аптасында Деспотович «Рубин» командасымен келісімшартын үзген еді.

29 жастағы футболшы спорттық карьерасында «Сопот», (Сербия), «Локерен» (Бельгия), «Жетісу», «Қайрат», «Астана», «Тобыл» (Қазақстан), «Оренбург» және «Рубин» (Ресей) ұжымдарының намысын қорғаған. «Астана» клубымен екі рет ел чемпионы және Суперкубок жеңімпазы атанды. «Локерен» командасымен Бельгия кубогін иеленді.

Ресей чемпионатында 70 кездесуде 28 гол соқты. Сонымен қатар, Сербия жастар құрамасының сапында 12 рет алаңға шықты.