Алматылық «Қайрат» команда капитаны және Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскидің клубтан кеткенін мәлімдеді.
Полшалық ойыншы «сары-қаралар» қатарына 2020 жылдың қаңтарында қосылған болатын. Осы уақыт аралығында ол алматылық клуб сапында 37 матч, оның ішінде 4 ойын Конференция Лигасының топтық кезеңінде өткізді.
2020 жылы Гуральски «Қайратпен» ҚПЛ-дің алтынын жеңіп, бір жылдан кейін ел Кубогіне қол жеткізді.
Ары қарай ол мансабын немістің Бундеслигасында жалғастырмақ.