«Тараздың» көшбасшы футболшысы «Ақтөбемен» келіссөз жүргізуде

«Ақтөбе» командасының басшылары «Тараз» бен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтанамен келіссөз бастады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, «Тараз» командасында қаржылық қиындық басталған. Осыған байланысты да жамбылдық команданың көшбасшысы Бауыржан Байтана «Ақтөбе» сапына ауысуы мүмкін. 

30 жастағы футболшы мен «Ақтөбе» өкілдері арасындағы келіссөз бір апта бұрын басталған. Жуық арада екі тарап келісімге келуі ықтимал. 

Бірақ Байтана жаңа командасының тізіміне тек жазғы трансферлік кезең басталғанда ғана қосыла алады. Ал ҚПЛ-де жазғы трансферлік кезең 28 маусымда ашылады. 

Айта кетейік, Биыл Байтана Қазақстан біріншілігінде 12 кездесуге қатысып, алты нәтижелі пас беріп, бір гол соқты.