«Қайрат» сапына үш ойыншы қосылды

Алматылық «Қайрат» өз қатарына бірнеше ойыншы қосқанын мәлімдеді

Александр Широбков, Лев Кургин және Байжан Меделханмен 2024 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалды. 

Үш ойыншы да «Қайраттың» тәрбиеленушілері. 2021 жылдың жазында «Қайрат-Москва» командасына өткен еді. Ол жақта Александр – 10,  Лев – 29 және Байжан – 34 ойын өткізген. Өз кезегінде Кургин бір және Меделхан бес гол авторы атанған. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» клубы жақында ғана жаттықтырушы ауыстырып, жаңа бас бапкер ретінде Кирилл Кекер таныстырылған еді.