Елордалық «Астана» командасы украиналық қорғаушы Даниил Бескоровайныйды қатарына қосты, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Бескоровайный – Украина футболының түлегі. Өз елінде ол «Луцк», «Волынь» және «Ковель-Волынь» сынды бірқатар командаларда өнер көрсеткен.
Даниилдің соңғы командасы словакиялық «ДАК 1904» болды.
Бұл командада ол 62 ойын өткізіп, 4 гол салған. 2019 жылы Украина U20 құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, Украинаның халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып саналады.