Айбар Жақсылықов «Тобыл» сапына ауысты

Айбар Жақсылықов «Тобыл» сапына ауысты

Шабуылшы Айбар Жақсылықов «Тобыл» сапына қосылды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

Мұның алдында белгілі болғандай, 24 жастағы футболшы ҚПЛ-2021 чемпионымен бір жылдық келісімшарт жасайды. Жақсылықов Қазақстан құрамасы сапында бес ойын өткізген.