«Қайрат» үш легионерімен қоштасатын болды

«Қайрат» үш бірдей легионер – Нейбойша Косович, Дино Миканович және Раде Дугаличпен қоштасатын болды, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, клуб бұл ойыншылармен қоштасу туралы нақты шешім шығарып қойған. Қазіргі уақытта келісімшартты бұзу жұмысы жүргізілуде. 

Еске салайық, жаңа маусым алдында алматылық командадан бірнеше көшбасшы ойыншылар кетті. Тарқатып айтсақ, Камо Оганесян «Астана» сапына, Стас Покатилов «Ақтөбеге», ал Ян Вороговский бельгиялық «Моленбекке» ауысты. Сонымен қатар, Гафуржан Сүйімбаев пен беларуссиялық қорғаушы Денис Поляков та кеткен.