Луис Суарез жақын арада Лионель Месси және Серхио Бускетпен бір клубта ойнауы мүмкін

Бұл туралы Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында айтып кеткен болатын. Айта кетейік, американдық клубтың сапында Лионель Месси, Серхио Бускетс, Жорди Альба сынды футболшылар өнер көрсетеді. Біраз уақыт бұрын бұл футболшылар испандық Барселонада бірге доп тепкен.

«Интер Майами» басшылары екі апта ішінде 36 жастағы футболшымен келісімшар жасауды көздеп отыр.