Зайнутдинов Сан-Марино және Словениямен болатын шешуші ойындарға қатыса алмайды

Бахтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатының «Истанбул Башакшекирге» қарсы ойынында ауыр жарақат алды. Қазақстандық жартылай қорғаушының мұрын және көз сүйектеріне зақым келген. Жарақат алғаннан кейін ойынды жалғастыра алмай, жедел түрде ота жасалған. Енді футболшы Евро-2024 іріктеу ойындарының екі шешуші кездесулеріне қатыса алмайды.