Льорис Франция құрамасындағы мансабын аяқтады

«Мен жоғары деңгейде кеткенді қалаймын», – деді 36 жастағы қақпашы.

Льорис ұлттық құрамада 2008 жылдан бері ойнап, 145 ойынға қатысып, оның 121-ін капитандық етті. 2022 жылғы әлем чемпионатында ол Франция құрамасының ойын саны бойынша рекордын жаңартты.

Ұлттық құрама сапында қақпашы 2018 жылғы әлем чемпионаты мен 2020/21 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды, сонымен қатар Еуро-2016 мен 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.