Килиан Мбаппе Англия құрамасына қарсы алаңға шығуы мүмкін

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақаты жазылып, алаңға шығуға дайын, деп жазады AP News.

Қазіргі таңда негізгі құраммен жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Белгілі болғандай ол Қатардағы әлем чемпионатының 1/4 финалында толыққанды доп тебе алады.

Еске салайық, турнирдің ширек финалында 2018 жылғы әлем чемпионы Франция құрамасы Англиямен кездеседі. Тартысты ойын желтоқсан айының 10 күні Астана уақытымен түнде өтеді.