Қорғаушы Юлдошев «Нижний Новгород» командасымен жаңа келісімшартқа отырды

Нижний Новгород клубы қорғаушы Иброгимхалил Юлдошевпен жаңа келісімшартқа отырды.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы ойыншымен келісім шарт үш жылға жасалған.

Юлдошев осы маусымда РПЛ командасында 17 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Қорғаушы Нижний Новгородқа 2021 жылдың тамызында өзбек «Пахтакорынан» ауысты.

Нижний Новгород командасы 25 матчта 28 ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде 11-ші орында тұр.