Мадридтік «Реал» каталондық «Барселонаны» Испания Суперкубогының финалдық матчында тізе бүктірді. Ойын Риядтағы Мрсул Парк жасыл алаңында орын алды.
Есепті мадридтіктердің шабуылшысы Винисиус Джуниор ашты. Небәрі үш минуттан соң есепті еселеді. Ал 33-ші минут басталар тұста Роберт Левандовский Лунин қақпасының саңылауын тапты. Араға төрт минут салып корольдік клубтың пайдасына пенальти берілді. Винисиус хэт-трик иесі атанды.
Екінші таймның 64-ші минутында Родриго каталондықтардың жеңіске деген үмітін сөндірді. Кейіннен алаңнан қорғаушы Рональд Араухо қуылды.