Джейдон Санчо дортмундтық «Боруссияның» сапына оралуға жақын

Дортмундтың клубы Санчоны «Манчестер Юнайтедтен» 3 млн еуроға маусым соңына дейін жалға алады. 23 жастағы ойыншы ертең «Боруссияның» Марбельядағы (Испания) оқу-жаттығу жиынына қосылады. «МЮ» Джейдонды 2021 жылы «Боруссиядан» 85 млн еуроға сатып алған еді

Осы маусымда ағылшындық футболшы небәрі үш кездесу өткізіп, оның ешқайсында нәтижемен көзге түспеді.