«Фламенго» қорғаушысы Филипе Луис профессионалды мансабын Бразилия чемпионатының соңында аяқтайтынын хабалады.
— Мені қолдаған жанкүйерлердің барлығына, бапкерлік ұжымға, басшылық кеңеске, менімен бірге болған барлық адамдарға айтарым тек алғыс. Бұл менің өмірімдегі ең жарқын кезеңдер, — деп 38 жастағы қорғаушы «Фламенгоның» әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.