«Ливерпуль» тарихында төртінші рет маусым басында үйдегі 10 ойынның барлығын жеңді

Еуропа Лигасының 5-ші турында ЛАСК пен «Ливерпуль» кездескен болатын. «Мерсисайдтықтар» үшін ойын жеңіспен аяқталды, осылайша олар маусым басындағы үйдегі болған алғашқы 10 кездесудің 10-да жеңіп, тарихқа жаңа іздер салған болатын.

«Ливерпуль» бұндай көрсеткішті тарихында төрт рет жасаған. Ең алғашқысы 1893/1894 (16 жеңіс) маусымда. Кейін 1972/1973 (11) маусымда және 1985/1986 (13) маусымда орын алған болатын