Месси ПСЖ командасымен келісімшартын 2024 жылға дейін ұзартады

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси «Пари Сен-Жерменмен» келісімшартын 2024 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Le Parisien» газеті.

Алдыңғы келісім 2023 жылдың жазына дейін жасалған еді. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келіссөздер үш айға созылған. Футболшының мүддесін оның әкесі Хорхе Месси қорғады, ол да спортшының агенті қызметін атқарады.

Месси ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Осы жылға дейін футболшы «Барселона» сапында өнер көрсетті.

Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны жеңіп, әлем чемпионы атанды.