Криштиану Роналду футболдан кетуге қатысты мәлімдеме жасады

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду Катарда өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында Португалия жеңіске жетсе, карьерасын аяқтай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Егер Португалия әлем чемпионы атанса, карьерамды аяқтаймын ба? Иә, сөйтемін. 100 пайыз», – деді Роналду The Sun журналисті Пирс Морганға.

Айта кетейік, 2022 жылғы ӘЧ 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығы өтеді. Португалия H тобына Гана, Уругвай және Оңтүстік Кореямен бірге түсіп отыр.