Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев оқу-жаттығу жиындарына Бауыржан Исламханды не себепті шақырғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
«Бір жағынан қарағанда бұл күтпеген шешім болғандай көрінеді. Алайда бапкерлік штабпен алдын ала ақылдасып осындай шешім қабылдадық. Бауыржан соңғы бір жарым ай бойы біздің бапкерлердің тапсырмасымен жаттықты. Исламханды дәл осы оқу-жаттығу жиындарына арнайы шақырдық. Физикалық дайындығы көңілден шықты. Әрине соңғы екі жыл үлкен футбол ойнамағаны көрініп тұр. Менің ойымша, Бауыржан наурыз айындағы ойындарға дайын болып командаға көмектеседі деген ойдамын», – деді Адиев ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске салайық, 2020 жылы Бауыржан Исламхан рұқсат етілмеген дәрілерді қолданды деген айыппен кәсіпқой футболдан екі жылға шеттетілген еді. Дәл сол жылы «Әл-Айн» командасының қатысуымен өткен Азия Чемпиондар лигасының матчінен кейін допинг сынамасы оң нәтижесін берді.