Тағы үш клуб Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне өтті

Чемпиондар лигасы плей-офф раундындағы матчтердің қорытындысы бойынша тағы үш клуб топтық кезеңге қатысатын болды. Олар «Бенфика», «Виктория Пльзень» және хайфалық «Маккаби», деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бенфика» Лиссабондағы қарымта матчте киевтік «Динамоны» ұтты – 3:0 (бірінші ойында португалиялықтар пайдасына аяқталған – 2:0).

Чехиялық «Виктория Пльзень» өз алаңында әзірбайжандық «Карабах» – 2:1 (бірінші ойын – 0:0).

Израильдік «Маккаби» сербиялық «Црвена Звездамен» тең түсті – 2:2 (бірінші кездесуде «Маккаби» ұтқан – 3:2).

Осылайша, ұтлыған «Динамо», «Карабах» және «Црвена Звезда» командалары Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі 25 тамыз Ыстамбұлда өтеді.