«Ордабасы» футболшысы «Оңтүстік» академиясына ауысты

«Ордабасының» 21 жастағы қорғаушысы Аслудин Хаджиев командадан кетті.

Футболшы маусым соңына дейін «Оңтүстік» академиясында жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. Ойыншы Бірінші лиганың 13-турында «Яссымен» болған матчта жаңа клубындағы дебютін жасады.

Аслудин – Шымкент футболының түлегі. «Ордабасы» құрамында футболшы 2019 жылы дебют жасады.

Хаджиев осы маусымда 7 матч өткізіп, нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түскен жоқ.