«Қызыл-Жардың» жартылай қорғаушысы Дарко Зорич Конференция лигасы бірінші іріктеу матчінде хорватиялық «Осиекке» қарсы ойынға қатыса алмауы мүмкін. Команданың бапкері Али Алиев Vesti.kz тілшісіне ойыншының жағдайы туралы айтып берді.
Черногориялық футболшы Қазақстан кубогындағы «Қайсармен» мачте жарақат алып қалған. Ол ойынның 24-минутында алаңнан кеткен болатын.
«Қайсармен» ойында Дарко Зоричті қатардан шығарып алдық. Оның тәжіриебсі мен жылдамдығы біз үшін қажет. Ойын күні жағдайына тағы бір қараймыз, матчке қатыса ала ма екенін», – дейді Алиев.