«Шахтер» футболшысы «Астана» сапына ауысты

Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Габышев елордалық «Астана» сапына ауысты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты. 

Екі тарап келісімшарт бойынша келіскен. Таяу арада Габышев елордалық командаға қосылады.

Кейінгі екі маусымда 32 жастағы Габышев қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсеткен. 

ҚПЛ-дің осы маусымында ол 10 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берген.

Габышев Қазақстан құрамасында үш матч өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанған.